Ресейдің бірнеше аймағына ауқымды дрон шабуылы жасалды

27 тамыз күні, Ресейдің Ростов-на-Дону, Таганрог, Новошахтинск қалаларында, сондай-ақ Неклинов, Мясников, Миллеров және Чертков аудандарында дрондардың жойылғаны мен залалсыздандырылғаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
Новошахтинск қаласында және Неклинов ауданындағы Новобессергеневка, Боцманово ауылдарында жеке үйлер мен көліктерге зақым келген. Бұл туралы Ростов облысының уақытша губернаторы Юрий Слюсарь мәлімдеді. Оның айтуынша, адамдар зардап шеккен жоқ.
Ресей әскерінің Черниговқа жасаған соққылары салдарынан бір әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, тағы бір әйел госпитализациядан бас тартқан. Бұл жөнінде Чернигов қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Дмитрий Брижинский хабарлады.
Telegram-арна Astra-ның бейресми ақпаратына сәйкес, Ростов-на-Донудағы шабуылдың нысанасы қаланың Первомай ауданында орналасқан «Гранит» жеке қорғаныс зауыты болған. Соның салдарынан кәсіпорын аумағында өрт шыққан, алайда ол тез арада сөндірілген.
Astra-ның хабарлауынша, ПАО «Гранит» авиацияда және әуе қорғаныс жүйелерін өндіруде қолданылатын электронды вакуумды шамдар мен басқа да вакуумды құрылғылар шығарады.
Фото: Matytsin Valery/ITAR-TASS/picture alliance

Ең көп оқылған
