457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресейдің Донбасстағы шахтаға шабуылы: 1 адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Доброполье маңында Ресей тарапынан жасалған шабуыл салдарынан 148 кенші шахтада қалып қойған. Олардың барлығы жер бетіне шығарылды. Шабуыл кезінде бір шахта жұмысшысы қаза тауып, үшеуі жараланған.


Донецк облысындағы Доброполье қауымындағы көмір өнеркәсібі кәсіпорындарына Ресейдің жасаған шабуылы кезінде бір шахта жұмысшысы қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды. Бұл туралы 26 тамыз, сейсенбі күні Украина Энергетика министрлігі хабарлады. Министрліктің нақтылауынша, жараланғандардың бірі ауыр халде, ал қалған екеуі орташа ауыр жарақат алған.

Министрліктің хабарламасында көрсетілгендей, шабуыл салдарынан көмір шахталарын электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған электр қосалқы стансалар істен шыққан. Соның салдарынан 148 кенші жер астында қалып қойған. Жүргізілген эвакуация нәтижесінде олардың барлығы құтқарылды.

Энергетиктер мен құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында барлық кеншілер жер бетіне шығарылды. Қазір шахтерлердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", – деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

Шабуыл жасалған нысандарға иелік ететін ДТЭК энергетикалық холдингі шабуыл нәтижесінде кәсіпорынның құрылымдары мен жабдықтарына зақым келгенін, екі шахтада электрмен жабдықтау жүйесі сөнгенін хабарлады.

Фото: Alexander Russky/TASS/dpa/picture alliance