457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресейдің шабуылын тойтару кезінде F-16 жойғыш ұшағы құлап, ұшқыш қаза тапты

Түнгі жаппай шабуыл кезінде F-16 ұшағын басқарған подполковник Максим Устименко қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz Украина Қарулы күштерінің Әуе күштеріне сілтеме жасап.

«Ұшқыш борттық қару-жарақтың толық кешенін қолданып, жеті әуе нысанасын атып түсірді. Соңғы нысананы жою кезінде ұшағы зақымданып, биіктіктен түсе бастады», — деп хабарлады Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері.

Мәлімдемеге сүйенсек, ұшқыш жойғышты елді мекеннен алыстатып үлгергенімен, катапульта арқылы құтылуға уақыт таппады.

Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері жексенбіге қараған түні Ресей әскері ел аумағына 477 түрлі үлгідегі ұшқышсыз ұшақпен, оның ішінде 250-ден астам «Шахедпен» шабуыл жасағанын да хабарлады.

Сондай-ақ, Әуе күштерінің дерегінше, шабуыл барысында төрт «Кинжал» аэробаллистикалық зымыраны, жеті «Искандер-М» баллистикалық зымыраны, 41 Х-101 зымыраны, Қара теңізден атылған бес «Калибр» және үш С-300 баллистикалық зымыраны қолданылған.

Ресей зымырандары мен дрондарының едәуір бөлігі Украина батыс өңірлеріне бағытталған. Львов, Полтава, Черкас, Николаев және Запорожье облыстарында қираулар тіркелді.

Фото: Виталий Носач, РБК-Украина