«Шал, одан да дәріңді іш». Саясаткер президентке жауап жазды

Қаңтардағы өрт кезінде жанып кеткен машиналар. IMAGE: ©euroradio.fm
Калифорния шатының губернаторы мен Трамптың текетіресі айтысқа ұласты.
Бұл туралы RTVI US басылымы жазады.
АҚШ президенті Дональд Трамп биыл қаңтарда Лос-Анджелесте болған ғаламат өртке байланысты штат әкімшілігіне сын айтқан болатын. Ол, әл-ауқаты нашарларға жаңа үй салуға рұқсатты орталық бірден бергенін, ал жергілікті билік әлі қарап отыр деп жазған.
Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсомның жауабы көп күттірмеді. Оның офисінің мәліметінше, орталық биліктің штатқа нұсқау беретіндей хақы жоқ. Ал жергілікті билік әлдеқашан мыңнан аса рұқсат беріп тастаған.
"Шал, одан да дәріңді іш. Тағы да бәрін ойдан шығарып тұрсың", –
деп жазды губернатордың офисі X желісінде.