Дональд Трамп: Илон Масктың есі ауысты

АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы апталарда араздасып қалған Илон Маск туралы пікір білдіріп, онымен сөйлескісі келмейтінін айтты. Бұл туралы ол ABC телеарнасына берген телефон сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
«Сіз есі ауысқан адам туралы айтып тұрсыз ба?» – деді Трамп жүргізушінің Маск жайлы сұрағына жауап бере отырып.
Ол Маскпен әңгімелесуді «айтарлықтай ойламағанын» және бұл тақырыптың медиаға шыққанына қарамастан, оған аса назар аудармағанын жеткізді.
Трамптың айтуынша, Маск өзі кездескісі келген, бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан.
«Мен Илон жайлы ойламаймын. Оның жағдайы қиын. Байғұс жігіттің мәселесі көп», – деді Трамп.
CNN телеарнасы бұған дейін Трамптың наурызда сатып алған қызыл түсті Tesla көлігін енді пайдаланғысы келмейтінін хабарлаған. Ақ үйдің бір өкілі бұл көліктің сатылып кетуі немесе сыйға берілуі мүмкін екенін айтқан.
Трамп пен Маск арасындағы қайшылық 2026 жылға арналған АҚШ бюджетін сынға алудан кейін өрши түсті.
Маск бұл құжатты сынаған Трампқа қарсы пікір білдіріп, оны ашуландырған. Бұған жауап ретінде Маск 2024 жылғы сайлауда Трамптың жеңіске жетуіне өзінің қолдауы себеп болғанын айтқан.
Сонымен қатар ол Трамптың есімі атышулы Эпштейн ісіне қатысты материалдарда кездесетінін және сол себепті бұл іс толық зерттелмей қалғанын меңзеді.
Дегенмен, Трамп сұхбат соңында: «Мен онымен біраз уақыт сөйлеспейтін шығармын. Бірақ оған тек жақсылық тілеймін», – деп түйіндеді.
Фото: Nathan Howard / Reuters

Ең көп оқылған
