Солтүстік Корея Ресейге "сыйлық" жасады

Сұлу Бөлек

  • 06.05.2025

Ресейде еңбек күші тапшы болғандықтан, Пхеньян Путинге тағы бір "сыйлық" жасады – елге мыңдаған солтүстіккореялық жұмысшы келді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

WSJ мәліметінше, Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Кореяның Ресейге шамамен 15 мың жұмысшы жібергенін хабарлаған. Олардың көбі Ресейге студенттік виза арқылы кірген. Бұл ақпаратты барлау агенттігі Сеулде 30 сәуірде депутаттарға ұсынған.

Солтүстіккореялық мигранттар қазір негізінен Ресейдің Қиыр Шығысында еңбек етіп келеді. Алайда ресейлік шенеуніктер мен бизнес өкілдері олардың Мәскеу сияқты ірі қалаларға да келуін қалайды. Жергілікті жұмыс берушілер солтүстіккореялықтарды "төмен жалақыға 12 сағат бойы үнсіз жұмыс істеуге дайын" болғаны үшін жоғары бағалайды.

Ресейлік биліктің дерегіне сәйкес, 2024 жылы Ресейге келген солтүстіккореялықтардың саны былтырмен салыстырғанда 12 есе артқан.

Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның еңбек мигранттарын шетелде пайдалануға тыйым салған. Алайда Ресей мен Қытай бұл тыйымды бірнеше рет бұзған.

Фото: KCNA/AFP

Байланысты жаналықтар

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

06.05.2025

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

06.05.2025

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

06.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Қытай басшысы Ресейге барғалы жатыр

05.05.2025
MalimBlocks
Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Қытай басшысы Ресейге барғалы жатыр

Құжаттарға қол қою жоспарланып отыр