Швецияда оқу орнында атыс болып, 10-ға жуық адам қаза тапты

Malim Админ

  • 05.02.2025

Полицияның хабарлауынша, Швецияның орталығындағы Эребру қаласындағы балалар мектебінің жанындағы ересектерге арналған білім беру орталығында адамдарға оқ жаудырған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.


Қалалық полиция басшысы Роберто Эйд Форест оқиға салдарынан «шамамен 10 адамның» мерт болғанын, оның ішінде оқ жаудырған ер адамның да қаза тапқанын растады. Полиция әзірге құрбандардың нақты санын жариялаған жоқ.

Қылмыскер туралы белгілі ақпарат – ол полицияға бұрын таныс емес және ешқандай ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы болған жоқ. Полиция шабуылды әзірге лаңкестік әрекетпен де байланыстырып отырған жоқ.

- Біз қылмыскер жалғыз әрекет етті деп ойлаймыз, - деді Форест.

Ол бұл «өте қайғылы оқиғаға» қатысты тергеу өте ерте кезеңде екенін қосып өтті. Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон шұғыл баспасөз мәслихатында мектептегі атыс құрбандар саны жағынан ел тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Швецияда «ешқашан жол берілмеуі тиіс оқиға боған». Премьердің қасында тұрған әділет министрі Гуннар Строммер Швеция «мектепте мұндай масштабтағы атыс болғанын ешқашан көрмегенін» қайталады. Строммер сонымен бірге қаза тапқандар арасында полицияға бұрын белгісіз болған шабуылшының өзі де бар екенін растады.

- Қаза тапқандардың бірі қазір басты күдікті саналып отыр. Ол бұрын полицияға белгісіз болып келген және бұл оқиға неліктен болғанын әлі күнге дейін білмейміз, - деді министр.

Билік қала тұрғындарын бұдан әрі шабуылды күтуге негіз жоқ, сондықтан ертең таңертең балаларды еш қорықпастан мектепке әдеттегідей жіберуге болатынына сендірді.

Эребру – Швецияда халық саны бойынша алтыншы муниципалитет, онда шамамен 125 мың адам тұрады.

Оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында, негізінен бастауыш немесе орта мектепті аяқтамағандар баратын ересектерге арналған білім беру орталығында болды. Ол бірнеше оқу орындарын, соның ішінде балаларға арналған мектепті қамтитын кампуста орналасқан. Бастапқы хабарламаларда оқиға мектепте болғаны айтылған.

Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем қызметкерлері және құтқарушылар жіберілді, ал билік өкілдері адамдарды аймақтан алыс жүруге шақырды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда ондаған қарулы полиция қызметкерлері, көптеген жедел жәрдем және шұғыл қызмет көліктерін көруге болады.

Оқиға туралы полицияның алғашқы мәлімдемесінде бес құрбан болғаны айтылған.

- Оқиға қазіргі уақытта кісі өлтіруге оқталу, өртеу және ауырлататын мән-жайларда қару қолданып қылмыс жасау ретінде қарастырылып жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото: ютуб  

Байланысты жаналықтар

Конгода эбола індеті қайта өршуі мүмкін

03.02.2025

АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады

01.02.2025

Трамп еврейлерге қатысты жарлық шығарды

31.01.2025

Вашингтонда ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 64 адам болған

30.01.2025

Швецияда Құранды өртеген Ирак азаматын өлтіріп кеткен

30.01.2025

Трамп 30 мың мигрантты қамайтын орталық құрып жатыр

30.01.2025
MalimBlocks
Конгода эбола індеті қайта өршуі мүмкін

Эбола індетіне ұқсас белгілері бар сырқаттан сегіз адам қаза болды

АҚШ-та тұрғын үйлерге ұшақ құлады

Трамп еврейлерге қатысты жарлық шығарды

Ақ үй 60 күн ішінде ұсыныс қабылдайды

Вашингтонда ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 64 адам болған

Судан 19 мәйіт шығарылған

Швецияда Құранды өртеген Ирак азаматын өлтіріп кеткен

38 жастағы Момика Седертелье қаласында өлтірілді

Трамп 30 мың мигрантты қамайтын орталық құрып жатыр

Трамптың айтуынша, босқындарды өз елдері де қабылдамайды