Telegram басшылығы Оңтүстік Корея билігінен кешірім сұрады

Telegram басшылығы Оңтүстік Корея билігінен кешірім сұрап, Кореяның байланыс стандарттары бойынша комиссиясының талабын орындады.
Мессенджер өкілдері комиссияның талабына сәйкес өз платформаларынан порнографиялық сипаттағы фейк контентті өшірді.
Сондай-ақ Telegram басшылығы болашақта бақылау органымен байланысқа шығып отыру үшін арнайы электронды поштасымен де бөлісті.
Бұған дейін Оңтүстік Корея полициясы корей әйелдері бейнеленген дипфейк тарату ісі бойынша Telegram-ға қатысты тергеу бастағаны белгілі болды. Тергеу платформаға көптеген шағымдар түскеннен кейін басталған. Осыған байланысты Telegram-нан 25 материал өшірілді.
Айта кетсек, Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты заңсыз контент бойынша тергеу барысында билікпен ынтымақтаспауына байланысты Франция полициясы қамауға алған еді. Артынша ол 5 млн еуро кепілдікпен босатылып, аптасына екі рет полицияға белгілену міндетімен сот бақылауына алынды.
Фото: Roy Liu / Bloomberg

Самое читаемое
