Трамп АҚШ азаматтығын 5 млн долларға сатпақ

АҚШ президенті Дональд Трамп құны 5 миллион доллар болатын «алтын карталарды» іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz washingtonpost.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл карта иелеріне алдымен АҚШ-тың резиденті болуға, кейін азаматтығын алуға мүмкіндік береді.
Трамптың айтуынша, мұндай карталар Ресей олигархтарына да қолжетімді болмақ. «Олардың арасында өте жақсы адамдар бар», – деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, бастама АҚШ-тың иммиграциялық саясатына өзгерістер әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, бұл шешім елдегі саяси пікірталастарға түрткі болуы ықтимал.
Фото: Yuri Gripas/Pool via CNP/AdMedia/picture alliance