Зеленский пен Келлог Еуропаның Украина Қарулы Күштеріне қару сатып алуын талқылады

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогпен Киевте кездесу өткізді. Бұл туралы 14 шілдеде Зеленскийдің Telegram-арнасында жарияланған видеодан белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесу жеке форматта да, делегациялар деңгейінде де өткен. Зеленскийдің айтуынша, тараптар Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, бірлескен өндіріс және Еуропамен бірлесіп қорғаныс қаруын сатып алу мәселелерін талқылаған.
Сондай-ақ Ресейге және оған көмектесетіндерге қарсы санкциялар да назардан тыс қалмаған.
«Президент Трампқа қос ел үшін де маңызды қолдау және оң шешімдер үшін алғысымды білдіремін. Америка халқының қолдауын жоғары бағалаймыз», – деді Зеленский.
АҚШ тарапынан кездесуге қатысты ресми пікір әлі жарияланған жоқ.
Фото: Uncredited/AP Photo/picture alliance

Ең көп оқылған
