457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Путинге Ресейдің Украинадағы адам шығынына бәрібір сияқты

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Ресей Украинамен соғыста аптасына шамамен 5000 жауынгерінен айырылып жатыр, алайда бұл Ресей президенті Владимир Путинге еш әсер етпейтін көрінеді. Трамп бұл пікірін 11 маусым, сәрсенбі күні кешке Pod Force One подкастында айтты, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

«Бәлкім, оған бәрібір шығар. Меніңше, ол бұл туралы ойламайды да. Ол көп сарбаз жоғалтып жатыр, Украина да солай. Не болатынын көреміз», – деді Ақ үй басшысы.

Оның сөзінше, Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздер кезінде белгілі бір ілгерілеу болған, бірақ кейін «бомбаланбауы тиіс нысандар атқыланды». Бұл жағдай «ілгерілеудің соңын» білдіргенін Трамп атап өтті.

Фото: Nathan Howard / Reuters