Трамп Путинге Украина бойынша келісімге келу үшін 50 күн берді

Егер алдағы 50 күн ішінде Украинада бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ билігі Ресеймен сауда жасайтын серіктестерге қарсы 100% көлемінде қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 14 шілде, дүйсенбі күні Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде айтты.
Егер 50 күн ішінде келісім болмаса, қосымша тарифтер енгізіледі. Егер біз 50 күн ішінде келісімге келмесек, біз қосымша баж салығын енгіземіз. Олар 100% деңгейінде болады. Мен сауданы көптеген мақсатта қолданамын. Ол соғыстарды тоқтатуға өте тиімді құрал, - деді АҚШ президенті.
Фото: Evan Vucci/AP/dpa/picture alliance

Ең көп оқылған
