Трамп "Путинмен Аляскада кездесетін болдық" дейді

Астана, malim.kz. АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде, Путинмен 15 тамыз күні Аляскада кездесетінін жазды деп хабарлайды Неміс толқыны.
"Путинмен көптен күткен кездесуім 2025 жылдың 15 тамыз күні Ұлы Аляска штатында өтетін болды. Қосымша мәліметтер кейінірек айтылады. Сіздерге, осы мәселені назарда ұстап отырғаныңызға рақмет!", -
деп жазған ол желідегі өз профайлында.
Бұған дейін, кездесудің жай-жапсарын сұраған журналистерге ол, "әңгіме әлдебір территорияларды алмастыру жөнінде болмақ" деп ымдаған.
"Бірдеңені қайтып аламыз, бірдеңені ауыстырып аламыз", -
деген болатын.

Ең көп оқылған
