457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин мен Трамп жеке кездесу өткізуге келісті

Кремльде өткен келіссөздерден кейін Мәскеу мен Вашингтон екі ел басшылары – Владимир Путин мен Дональд Трамптың жеке кездесуі өтетінін растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, саммит келесі аптада өтуі мүмкін. Кездесу орны таңдалып қойған, бірақ әзірге құпия сақталуда. Кездесу күнінің нақты уақыты мен саммит бастамашысы кім болғаны да әлі белгісіз.

Бұған дейін Кремльде Путин мен Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф арасында үш сағаттық келіссөз өткен болатын. Бұл – соғыс басталғалы бері Ресей мен АҚШ арасындағы алғашқы жоғары деңгейдегі келісім болмақ.

«Келесі апта бағдар ретінде қарастырылды. Дегенмен дайындық жұмыстары енді ғана басталды, сондықтан нақты күнді айту қиын», – деді Ушаков.

АҚШ-тың беделді басылымдары да бұл ақпаратты растады. The New York Times саммиттің келесі аптада өтуі мүмкін екенін жазса, CNN арнасы логистикалық қиындықтарға байланысты нақты мерзімнің анықталуы қиындауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Дональд Трамп журналистерге: «Кездесу өте жақын арада өтуі мүмкін деген үлкен ықтималдық бар», – деп мәлімдеді.

Фото: Ресей президентінің әкімшілігі