457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин-Уиткофф кездесуінен кейін Трамп пен Зеленский сөйлесті

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен әңгімелескенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

"Сумщинадағы біздің бригадалардан қайтып келе жатып, президент Трамппен сөйлестім. Бұл әңгіме президент Трамптың өкілі Стивен Уиткоффтың Мәскеуге сапарынан кейін болды," – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

"Біздің серіктестермен ортақ ұстанымымыз айқын: соғыс аяқталуы тиіс. Бұл әділ аяқталу болуы керек. Әңгімеге еуропалық лидерлер де қатысты, әрқайсысының қолдауы үшін алғыс айтамын. Біз Мәскеуде айтылған мәселелерді талқыладық," – деп қосты ол.

Зеленскийдің айтуынша, "Украина міндетті түрде тәуелсіздігін қорғайды. Бізге барлығымызға ұзақ және сенімді бейбітшілік қажет. Ресей өз бастаған соғысын тоқтатуы тиіс. Украинаға қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын," – деп түйіндеді президент.

Бұған дейін Уиткофф пен Владимир Путин арасындағы Мәскеудегі бесінші кездесу өтіп, ол шамамен 3 сағатқа созылған.

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official