457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Владимир Путин мен Стив Уиткоффтің кездесуі 3 сағатқа созылды

АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен өте өнімді кездесу өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malimkz.

"Менің арнайы өкілім Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен өте өнімді кездесу өткізді. Елеулі ілгерілеу бар! Осыдан кейін мен кейбір еуропалық одақтастарымызды хабардар еттім. Барлығы бұл соғысты аяқтау керектігімен келіседі, біз алдағы күндер мен апталарда осы бағытта жұмыс істейміз. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!" – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Кремль мәліметінше, Уиткофф пен Путиннің Мәскеудегі кездесуі, сәуір айының соңындағы алдыңғы келіссөз сияқты, шамамен 3 сағатқа созылған.

Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков кездесу туралы журналистерге:

"Украина дағдарысы және Ресей мен АҚШ арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың болашақ дамуы жөнінде өте пайдалы әрі конструктивті әңгіме өтті," – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Ақ үй жұма күні Ресейге қарсы қосымша жанама санкциялар енгізу туралы хабарлануы мүмкін екенін жариялады.

Фото: Gavriil Grigorov/AP Photo/picture alliance