457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Украинаға Patriot зымыран жүйесі жақын күндері жөнелтіледі

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде Ресейге және оның сауда серіктестеріне қарсы қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу Украинамен бейбіт келісімге келмеген жағдайда, Вашингтон 100 пайыз көлемінде импорттық баж салығы мен қосымша санкциялар енгізеді, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

«Егер біз 50 күн ішінде келісімге қол жеткізе алмасақ, екінші реттік тарифтер енгіземіз. Бұл тарифтер 100% деңгейінде болады», – деді Трамп.

АҚШ Ресейдің Украинаға қатысты позициясына көңілі толмайтынын ашық білдірді. Келісім 50 күн ішінде жасалмаса, Ресей мен оның сауда серіктестері санкция мен тарифке тап болады.

Осыған қоса АҚШ пен НАТО Украинаға әскери көмек көрсету жүйесін қайта құрды – енді оны еуропалық елдер қаржыландырады. Қару жеткізуді НАТО мен АҚШ-тың альянстағы тұрақты өкілі Уитакер үйлестіреді.

Ең басты жаңалықтың бірі – Украинаға Patriot зымыран жүйесі жөнелтіледі, бірнешеуі жақын күндері келуі тиіс.

Сондай-ақ, Трамп Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың таяу уақытта шешілетінін мәлімдеді.

Фото: ВВС