Украина әскері Курск облысының бірнеше елдімекенін басып алды

Ресейдің Курск облысына Украина Қарулы Күштері төрт күннен бері шабуылын тоқтатқан жоқ. Бейсенбіде УҚК жауынгерлері қарсы тарапты тосқауыл береміз деген пәрменіне қарамастан аталған өңірдің 10 шақырым аумағын жаулап алып отыр.

  • 09.08.2024

Белгілі болған дерек бойынша Украина әскері Курскіге 300 әскерімен басып кірген. Бұл туралы  Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында айтылды. 

«УҚК 300 адамнан құралған жасақпен Курск облысына шабуылдады. Оларда 11 танк пен 22 бронды техника және артиллериялық күштер болды. Қазір Ресейдің шекара күзеті жаудың басып кіруіне қарсылық танытуда. Осыған дейін Украина жағындағы 16 бронды мен 6 танк жойылды»,-  деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі.  

Шабуыл кезінде Украина жағы тұтқиылдан шабуылдап, бірден ұрыс салған. Осы уақытта бірнеше Ресейдің елдемекендері шабуылдың астында қалды. Бұдан кейін Курск облысына қарасты Суджа аймағына украин диверсиялық топтары кіріп, өз миссиясына кіріскен. Осылайша сейсенбі күні Ресей шекарасынан 20 шақырым ішке қарай басып кірген украиналық сарбаздар 300 шаршы шақырым өз иеліктеріне алды. Украина әскерінің дерегі бойынша алпысқа жуық ресейлік сарбаз тұтқынға түскен.

Ресей жеріне басып кірген Украина жасағы Суджа ауданында шабуылды күшейтіп, қорғаныс бекіністерін салу үшін инженерлік техникаларды кіргізіп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ресейлік телеграм арналарда хабар тарата бастады. Сондай-ақ, Украина әскері аталған аудандағы «Газпромның» Еуропаға газ жіберіп отырған газ өлшеуіш станциясын басып алған.
 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті