Түркия Ұлыбританиядан 20 Typhoon жойғыш ұшағын сатып алады
Түркия Ұлыбританиямен жалпы құны 8 миллиард фунт стерлинг болатын келісімшартқа қол қойды. Келісім аясында Анкара 20 Typhoon жойғыш ұшағын сатып алады. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметінің баспасөз хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Премьер-министр Кир Стармердің Анкараға жасаған алғашқы ресми сапары барысында Ұлыбритания мен Түркия 2017 жылдан бергі алғашқы Typhoon жойғыш ұшақтарын сатып алу жөнінде 8 миллиард фунт стерлинг көлеміндегі келісімге қол қойды», – делінген құжатта.
Өз кезегінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл келісім «Ұлыбританиямен қорғаныс саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастықтың бастауы болады» деп мәлімдеді.
Фото: aa.com.tr