Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

Арман Қайыпхан

  • 06.05.2025

2025 жылғы 6 мамырда Украина мен Ресей «205-ке 205» формуласы бойынша тұтқындармен алмасты. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram желісінде хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, елге «Мариуполь қорғанушылары мен майдан шебін қорғаған» түрлі әскер түрлерінің өкілдері оралды.

«Олар Ресейдің әртүрлі өңірлерінде ұсталды, түрмелерге қамалды. Мақсат – қорлау мен адамгершілікті жою болған», – деді ол.

Мемлекет басшысы бұл келісімге Біріккен Араб Әмірліктерінің арағайындық етуімен қол жеткізілгенін айтты.

«Біз күн сайын халқымыз үшін күресеміз. Әр адамды қайтару үшін бар күшімізді саламыз», – деді Зеленский.

Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің хабарлауынша, бұл – Украина мен Ресей арасындағы 64-ші тұтқын алмасу. Соның нәтижесінде 205 украин сарбазы отанына оралды. Жалпы, соғыс басталғалы бері 4757 украин тұтқыны босатылған.

Украина Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасы (ГУР) таратқан мәліметке сәйкес, елге Қарулы күштердің Әскери-теңіз және Әуе күштері, Десанттық-шабуылдаушы әскерлер, Территориялық қорғаныс күштері, Ұлттық гвардия мен Шекара қызметінің сарбаздары қайтарылды.

«Үш офицер мен 202 жауынгер және сержант үйлеріне оралды», – делінген ГУР мәлімдемесінде.

Фото: Tetiana Dzhafarova/AFP

Байланысты жаналықтар

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

06.05.2025

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

06.05.2025

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

06.05.2025

Солтүстік Корея Ресейге "сыйлық" жасады

06.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025
MalimBlocks
Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

Солтүстік Корея Ресейге "сыйлық" жасады

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті