457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина тағы бір литий кен орнынан айырылды: Шевченко ауылын Ресей басып алды

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Донецк облысының батысындағы Шевченко ауылын ресейлік әскери күштер бақылауына алды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Украинадағы DeepState жобасының аналитиктері де растады. Батыстың бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаның салдарынан Украина маңызды литий кен орнынан айырылғанын жазды.

Berliner Zeitung неміс басылымы 27 маусымда «Ресей "ақ алтынды" иеленді: Украинадағы литий кен орны бақылауға алынды» деген тақырыппен мақала жариялап, басып алынған кен орнын Еуропадағы ең маңызды кен орындарының бірі деп атады. Басылым бұл жағдайды стратегиялық жеңіліс ретінде сипаттады.

The New York Times газетінің мәліметінше, Шевченков литий кен орны – Ресей әскері Киев пен Вашингтон арасындағы жер қойнауын игеру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін алғаш болып басып алған нысан. NYT бұл кен орны Украинадағы өзге орындарға қарағанда кен сапасының жоғары болуымен ерекшеленетінін атап өтті.

Le Figaro француз басылымы болса, бұл кен орнын Украинадағы төрт ірі кен орнынан тек біреуі ғана құрамында жоғары минералданған сподумен бар, одан литийді оңай өндіруге болады деп сипаттады.

Шевченков кен орны — Украинадағы жалғыз литий қоры емес. Елде төрт ірі литий кен орны бар. Солардың бірі — Крутая Балка Запорожье облысында орналасқан және ол 2022 жылдан бері ресейлік оккупацияда. Қалған екеуі — Полоховское және Добрая кен учаскелері — Кировоград облысында орналасқан. Соңғысы — болашағы зор кен орындарының бірі саналады. Алайда, қазіргі уақытта бұл кен орындарының ешқайсысында да өндіріс жүріп жатқан жоқ.

Фото: AFP