"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

күні Екатеринбург қаласында 53 жастағы тұрғын Людмила полиция тарапынан "экстремизм белгілері бар" киім кигені үшін ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz E1.RU сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы оқиғаның куәгері, оның қызы Анастасия мәлімдеді. Оқиға қаладағы қоғамдық орында, көпшіліктің көзінше болған.
Людмиланың киген курткасында Микки Маус бейнесі және үш түсті — көк, сары және сұр жолақтар болған. Полиция қызметкерлері бұл белгілерді Украина туына ұқсатып, "экстремизм" күдігімен әйелді бөлімшеге жеткізген.
«Сіздің анаңыз 20.3-бап бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Бұл — экстремизм белгілері», — деді полиция өкілі.
Анастасия бұл айыптауға қарсы шығып, куртканы Екатеринбургтегі «Пекин» сауда орталығындағы бутиктен 12 мың рубльге сатып алғандарын айтты.
«Бұл курткалар Қытайда да бар, түрлі түстерде шығарылады. Мәселе қолдан қиындап отыр», — деді ол.
Полиция өкілі азаматшаның "Украинаға жұмыс істейді" деген пікір айтқан. Анастасия бұл сөздерді негізсіз деп атап, анасы ешқандай барлау қызметімен байланысты емес екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта куртка тәркіленіп, түсініктеме алынған. Екатеринбург қаласының ішкі істер басқармасы бұл оқиғаға байланысты әзірге ресми түсініктеме бермеді.
Фото: E1.RU