457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Вьетнамдағы қайық апаты: Қаза тапқандар саны 30-дан асты

Вьетнамда туристер отырған қайық аударылып, 30-дан астам адам қаза болды, деп хабарлайды Malim.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Вьетнамның солтүстігінде Халонг мүйісінде туристер мінген қайық аударылып, кемінде 34 адам қаза болды. 11 адам құтқарылған, 8 адам із-түзсіз жоғалған. Қаза болғандар арасында кемінде 8 бала бар. Қайықта барлығы 48 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

Ақпаратқа қарағанда, қайық қатты желдің салдарынан аударылған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Ақпарат құралдарының жазуынша, қайықтағы туристердің көбі ел астанасы Ханойдан келген. Онда шамамен 20 бала болған деп айтылады.

Халонг мүйісі – Вьетнамда адам көп баратын танымал орындардың бірі, жыл сайын оған миллиондаған адам саяхаттап барады.

Фото: AFP