457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зеленский: Ресеймен 1200 адамды айырбастау туралы келісім бар

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен әскери тұтқындарды айырбастау бойынша ең ауқымды келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 1200 адамды айырбастау жөнінде келісім бар және қазір осы тізімдерді нақтылау жұмыстары жалғасуда.

"Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Ресей өкілімен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады. Біз сондай-ақ азаматтық тұтқындарымызды қайтару мәселесін шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз, әрбір адамның тағдыры бойынша деректерді анықтап жатырмыз", – деді Зеленский 3 тамыз күні Telegram-да кеңес өткізгеннен кейін.

Сонымен қатар ол Ресей тарапынан Украинадан заңсыз әкетілген балаларды қайтару бойынша да келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак негізгі халықаралық серіктестермен, әсіресе АҚШ тарапымен байланыста жұмыс істеп жатыр.

Зеленский Ресеймен тікелей бейбіт келіссөздер тақырыбына да тоқталды. Оның айтуынша, Стамбулда өткен кездесудегі келісімдерді орындау және жаңа кездесуді дайындау бағытында жұмыс жалғасуда.

Фото: Thomas Peter/REUTERS