Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге халықаралық санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан құрылымдар мен делдалдарға қарсы санкциялық пакеттер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz.
РБК-Украина мәліметінше, ол бұл туралы кеше жариялаған видеоүндеуінде айтқан.
"Біз бұл туралы серіктестермен сөйлестік. Серіктестеріміз бізді естіді деп сенеміз. Қажет әрекеттерге жақындап келеміз. Ресейге санкцияларды айналып өтуге, өкінішке қарай, көмектесіп жатқан үшінші елдердегі субъектілер мен схемаларға қарсы санкциялық пакеттерді дайындап жатырмыз", – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Зеленский Украина қорғанысын нығайтып жатқанын, жақын арада Киев серіктестерінен елеулі әскери көмек пен әрі қарайғы ынтымақтастық туралы шешімдерді күтетінін айтты.
"Соғыста негізгі елдермен, сондай-ақ, соғыстан кейінгі кезеңде де ынтымақтастыққа қатысты. Қайта қалпына келтіру үшін маңызды негіз дайындап жатырмыз", – деді ол.
Фото: t.me/V_Zelenskiy_official