Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф Мәскеуге келді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф соңғы рет Мәскеуге сәуір айының соңында келіссөздерге келген болатын.
Ресейлік ТАСС-тың хабарлауынша, Внуково әуежайында оны Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алған.
Стивен Уиткофф Мәскеуге 25 сәуірде, ал оған дейін 11 сәуірде Санкт-Петербургке сапармен келген. Екі кездесуде де Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өтті. Жыл басынан бері бұл Уиткоффтың Ресейге бесінші сапары.
Осыған дейін біз АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей мен Украинаның бейбіт реттеу туралы келісімге 8 тамызға дейін келуін қалайтыны туралы жаздық.
14 шілдеде Ақ үй басшысы екі елге келісімге келу үшін 50 күндік мерзім белгілегенін, әйтпесе Ресей мен оның сауда серіктестеріне 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Кейін бұл мерзім 10–12 күнге дейін қысқартылды.
Осыған дейін Ресей Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеу туралы мәлімдемесін назарға алғаны туралы жаздық.
Фото: Global Look Press

Ең көп оқылған
