Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Украина президенті Владимир Зеленский 12 мамырдан бастап оқ атуды тоқтату туралы Мәскеудің шешіміне қарамастан, Ресей президенті Владимир Путинмен жоспарланған кездесуге байланысты Ыстамбұлға барады, - деп хабарлайды Malim.kz Axios басылымына сілтеме жасап.
Ақпарат көзіне сәйкес, Зеленский тіпті Ресей тарапы дүйсенбіде бітімге келуге келіспесе де 15 мамырда Ыстамбұлға барады.
11 мамыр кешкісін Зеленский әлеуметтік желідегі парақшаларында 15 мамырда Түркияда Путинмен келіссөздерге келіскенін хабарлады. Украина басшысының айтуынша, Киев ертеңнен бастап "толық және ұзақ мерзімді оқ атуды тоқтатуды күтеді – бұл дипломатияға қажетті негіз болмақ".
"Мен бейсенбіде Түркияда Путинді күтемін. Жеке. Бұл жолы ресейліктер келмей қалуға сылтау іздемейді деп үміттенемін", – деп жазды Зеленский.
11 мамыр түнде Ресей президенті Путин Киевке 15 мамырда Ыстамбұлда бейбіт келіссөздер жүргізуді ресми түрде ұсынды. Оның пікірінше, диалог ешқандай алдын ала шарттарсыз өтуі керек.
Путин келіссөздер нәтижесінде Мәскеу мен Киев жаңа, "нақты бітім" туралы уағдаласуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Бұған дейін Зеленский Ресей тарапының бұл ұсынысын "жақсы белгі" деп атаған. Алайда ол келіссөздер тек Мәскеу 12 мамырдан бастап 30 күндік оқ атпау режиміне келіссе ғана басталуы мүмкін екенін айтқан.
Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Киевті Путиннің 15 мамырда Ыстамбұлда тікелей келіссөз өткізу туралы ұсынысын дереу қабылдауға шақырды.
Фото: Telegram-арна