freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында сарбаз әскери бөлімнің 4-қабатынан құлады

Оқиға
Алматы облысында сарбаз әскери бөлімнің 4-қабатынан құлады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы облысындағы Қонаев гарнизонының Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, зардап шеккен сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаға дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Сондай-ақ бір күн бұрын әскери бөлімге келген ата-анасымен кездескен, сол кезде де олардың тарапынан қандай да бір өтініш немесе шағым түспеген.

Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрған. Ведомство бұл жағдай ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу