Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысының әкімдігі сібір жарасы көмілген орынға қатысты жағдайды түсіндірді

Қоғам
Алматы облысының әкімдігі сібір жарасы көмілген орынға қатысты жағдайды түсіндірді
Фото: pixabay.com

Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылында сібір жарасы көміліген орын бар екені анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, нысан ТОО «Транспетролеум» компаниясына тиесілі жер учаскесінде орналасқан.

«Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің Байсерке ауылында сібір жарасы көміліген орын (идентификатор В/04/00061) бар. Мұрағат деректеріне сәйкес, 1958 жылы бір ірі қара, ал 1968 жылы екі жылқы көміліген», – делінген әкімдік хабарламасында.

Нысанның айналасында радиусы 1 мың метр болатын санитариялық-қорғау аймағы белгіленген. Бұл аймақ Байсерке ауылының бір бөлігін және Талғар ауданының Кіші Байсерке елді мекенінің кейбір учаскелерін қамтиды. Тұрғындарды көшіру немесе үйлерді сүру жоспарланбаған, қазіргі уақытта халыққа қауіп жоқ.

Мәселені жан-жақты зерттеп, қажетті шараларды анықтау үшін Іле ауданы әкімінің 2025 жылғы 6 қазандағы өкімімен жұмыс тобы құрылған. Оған аудан әкімінің орынбасары төрағалық етеді. Топ құрамына ветеринария, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, жер қатынастары және сәулет бөлімдерінің өкілдері, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мамандары мен жергілікті белсенділер кірген.

Қазір жұмыс тобы ғалымдармен бірлесіп, көміліген орынның нақты орнын анықтау, санитариялық аймақтың шекарасын нақтылау және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Мұрағаттық және жаңа деректер талдануда.

Алматы облысы әкімдігі қорытынды шешім жұмыс тобының алдағы отырысында қабылданатынын және Іле ауданының 2016 жылғы «Аудан аумағындағы сібір жарасы көміліген орындарды анықтау туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізілетінін хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу