Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы тауларында жоғалған үш адамның бірінің мәйіті табылды

Оқиға
Алматы тауларында жоғалған үш адамның бірінің мәйіті табылды
yandex.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы маңындағы таулы аймақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

 26 желтоқсанға қараған түні Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне әйелден хабарлама түскен. Оның айтуынша, бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, содан бері хабарсыз кеткен. Жоғалған азаматтардың байланысқа шықпағанына 12 сағаттан асқан.

Хабарлама түскен бойда іздестіру жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Олардың қатарында Республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖМ-нің апаттық медицина орталығының мамандары, Құтқару қызметі, полиция қызметкерлері мен еріктілер бар.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы әуеге көтерілді. Әуе арқылы «Тұйықсу» мұздығы, «Мыңжылқы» шатқалы және «Локомотив» шыңы аумағы тексерілді.

— Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылды. Марқұмның денесі теңіз деңгейінен 3 700 метр биіктіктен ТЖМ әуе техникасы арқылы төмен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның жеке басы барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін анықталады. Қайтыс болған адамның туыстарына психологтар мен медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетіліп, қалған екі азаматты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ал Құтқару қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға қар көшкіні салдарынан болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу