Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы тауында жоғалған тағы екі туристің мәйіті табылды

Оқиға
Алматы тауында жоғалған тағы екі туристің мәйіті табылды
Фото: Алматы ТЖД

Алматы қаласының Медеу ауданында жоғалған туристерді іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құтқарушылар кеше жоғалып кеткен туристердің мәйіттерін теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан тапқан. Бұған дейін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында осы топтан тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Оқиға салдарынан барлығы үш адам көз жұмды.

Хабар түскен сәттен бастап «Мыңжылқы» бөгеті аумағында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына Алматы қалалық ТЖД бөлімшелері, ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, құтқару қызметтері, полиция, Альпинизм федерациясы және еріктілер тартылды. Әуе арқылы барлау жүргізу үшін тікұшақ пайдаланылды.

Құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын, металл іздегіштерді, іздеу щуптарын және шанц құралдарын қолданды. Қолайсыз ауа райына байланысты мәйіттерді төменге түсіру «Медео» құтқару бекетіне дейін жаяу жүзеге асырылды.

Қаза тапқандардың мәйіттері полиция қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмдардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу