Алматыда Қайрат Сатыбалдыдан мемлекет меншігіне қайтарылған активтер қайтадан саудаға қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, аукционға зергерлік бұйымдар, қымбат сағаттар, коммерциялық нысан және элиталық тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер шығарылған.
Сатылымдағы ең қымбат лот – Алматыдағы Kaisar Plaza сауда-офистік орталығы. Нысанның бастапқы бағасы 47,3 миллиард теңге болып белгіленген.
Сондай-ақ аукционға Астанадағы «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі пәтер, сондай-ақ жалпы құны 517,8 миллион теңгені құрайтын зергерлік бұйымдар мен сәнді сағаттар қойылды.
Айта кетейік, бұл активтер бұған дейін мемлекетке қайтарылған мүліктер қатарына енгізілген. Оларды сату арқылы бюджетке қосымша қаражат тарту көзделіп отыр.