Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан ер адамды тапты

Оқиға
Алматыда құтқарушылар тауда адасқан ер адамды тапты

Алматыда өзен жағалап, тау асқан ер адамды құтқарушылар тауып алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, оқиға 23 тамызда Іле Алатауы Қарғалы өзенінің бойында болған. Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында демалып жүрген 3 адамның бірі 1991 жылы туған жігіт өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, қайта оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 25-ші тамызға қараған түні 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар ер адамды тапты, деп жазылған ТЖМ мәлімдемесінде.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу