freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда Сайран көлін құрғатуға қатысты әкімдік түсініктеме берді

Қоғам
Алматыда Сайран көлін құрғатуға қатысты әкімдік түсініктеме берді

Алматыда гидротехникалық құрылыстарды жөндеу үшін Сайран су қоймасын кезең-кезеңімен құрғату жұмыстары басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Төле би көшесінде орналасқан және су ағынын реттеп, Сайран су қоймасын толтыруға арналған екі гидротехникалық құрылыс жарамсыз күйде болып отыр. Осыған байланысты су қоймасын қалыпты деңгейде сумен толтыру мүмкін болмай отыр.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасына қарасты “Тау Су Қызмет” ЖШС шлюздерді ашық қалдырып, су қоймасын кезең-кезеңімен құрғату туралы шешім қабылдады. Бұл конструкцияларға қол жеткізіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстарын 2026 жылғы 1 маусымнан бастау жоспарланып отыр. Ол үшін осы мерзімге дейін су деңгейі толық төмендеуі қажет. Жөндеу жұмыстарын 2026 жылғы 3 маусымға дейін аяқтау көзделген», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматы тұрғындарына жөндеу аяқталғаннан кейін гидротехникалық құрылыстардың қалыпты жұмыс режимі қалпына келтіріліп, Сайран су қоймасындағы су деңгейі белгіленген тәртіппен қайта реттелетіні айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Абзал Егембердиев биыл Сайран көліне су толтыру мен онда шомылуға қатысты сұраққа жауап берген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу