Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда тұрғын үй кешеніндегі күзетшінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды

Құқық
Алматыда тұрғын үй кешеніндегі күзетшінің өліміне қатысты тергеу қайта басталды

Алматыда «Меркурий таун» тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлікпен қағып өлтірген болатын. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Қылмыс наурыз айында болған. Қаза тапқан күзетші Нұрбол Қайыпбаевтың артында әйелі мен үш баласы қалды.

Қыркүйек айында ер адамды өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғаны хабарланды.

Бүгін Алматы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу қайта басталғаны туралы айтты. Күдікті қылмыс жасалған сәттен бастап қамауда отыр.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу