freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы жол апаты: полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды

Қоғам
Алматыдағы жол апаты: полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды
Фото: ІІМ

Алматыдағы жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады. Министр жол апатында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті жүргізуші сот санкциясымен қамауға алынған.

“Менің тапсырмам бойынша Алматыға ішкі қауіпсіздік департаментінің, әкімшілік полиция комитетінің және қызметтік құраммен жұмыс департаментінің қызметкерлері жіберілді. Кешенді тексеру жүргізілуде”, – деді министр.

Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды.

“Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ”, — деп жазды министр.

Еске салайық, 21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу