Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыға шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы табылған

Құқық
Алматыға шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы табылған

Алматы әуежайында шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан алыс шетелден келген күдікті пошта сәлемдемесін тапқан. Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылған.

Қала әуежайында пошла жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу