Әблязовтың артында Ресей тұр – шетелдік БАҚ

Қуғындағы қазақстандық олигарх, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымының же екшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовті үшінші бір мемлекет қолдап отырған болуы мүмкін. Бұл туралы Аsiatelegraf.com сайты жазды.
Басылым Франциядағы Әблязовтің сырттай сотталып, өмір бойы бас бостандығынан айрылғанын айта келіп, оның көптеген активтерінің бұғатталып, қаржыландыру көздерінен айрылғанына қарамастан әлі де белсенді түрде қазақстандықтарды ағымдағы саяси билік режимін өзгертуге шақырып келе жатқанын жазады. Оның бұл әрекетін басқа бір мемлекет қолдап, қадағалап отыр деген тоқтам жасапты.
«Бұдан бұрын америкалық басылым үлкен зерттеу жүргізді, зерттеу барысында Әблязовтың 2016 жылы Ресей Америкадағы сайлауға араласты деген іске кінәлі адамдарға қатысы бар екені анықталды. Желіге салынған құжаттар мен жеке хаттардың арқасында қоғам қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовтың Америкадағы сайлау кезінде Ресеймен ауыз жаласқан беизнесмендер мен шенеуніктерге жалғасып, миллиондарды алыс-беріс жасаған. Бұл адамдар кейінірек Ресейдің АҚШ сайлауына араласу ісі бойынша айыпталды», - деп жазады.
Материалда 2018 жылы ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты жариялау (OCCRP) мен BIRN балқандық желісінің мәлімдемелері келтіріліпті. Онда ондаған жылдай бұрын Әблязов Ресей, Сербия, Ұлыбританияда жылжымайтын мүлікке инвестиция салу үшін бірқатар оффшорлық компаниядарды пайдаланғаны және бұл істерге БТА банкінің қаржысын жұмсағаны туралы айтылған. BIRN ақпаратына сәйкес, Мәскеудегі құны 50 млн доллар тұратын тұрғын үй кешені Британдық Вирджин аралдарында тіркелген Gainsford Investments компаниясының бақылауындағы компания арқылы салынған. Ал, Gainsford Investments-тің 70 пайызы Британдық Вирджина аралдарындағы тағы бір Glinthill Investments Ltd-ға тиесілі екен. Ал, бұл компания 100% Әблязовтікі дейді.
Басылым Әблязовтің Ресейге қатыстылығы туралы оның Ресейдегі 200 млн долларлық активтері мен элиталы жылжымайтын мүлкінің ол сырттай сотталғаннан кейін де қаз қалпында тұруын мысалға келтіреді. Оның активтерін Ұлыбритания мен Американың бұғатталғанына, ал Ресейдің бұғаттамағанына назар аударады.
«Жасырын дереккөздер арқылы белгілі болғандай, Кремльдің мұндай қолдауы Әблязовтың Ресей үкіметімен қатысы бар екенін көрсетеді. Оның «қызметінің» өтеуіне Рейседегі 200 млн доллардан астам активтерін тартып алу бойынша шаралар жүргізілмейді деген келісім болған. Әблязовтің Ресей билігімен әріптестігі арнайы жүйе бойынша жүргізіледі: ол өзінің риторикасында антиресейлік көңіл-күйді ашық танытпайды, сөйте тұра Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты елдің даму курсын ресейлік бағытқа түсіріп жіберді деп айыптайды», - дейді.