Ана мен бала өлімі. Бір күдікті тергеуде, алтауы бостандықта жүр  

Дәрігерлер былығын жасыру үшін әйелінің атынан қол қойып, құжат жасаған

Олжас Қасым

  • 25.04.2022

Дәрігерлердің қателігінен көз жұмған батысқазақстандық Бибінұр Нығметова мен оның сәбиіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.  Қайғылы жағдай 2018 жылы Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында  орын алған. Содан бері кінәлілерге ешқандай да жаза қолданылмаған. Ащы ішекше шұбатылған тергеу ісіне  жақында нүкте қойылатын сыңайлы. Қазір қылмыстық іс бойынша 7 дәрігер айыпталып отыр. Солардың ішінде біреуінің ғана кінәсі дәлелденген.


Үш жылдай жүрген тергеуден соң іс сотқа жолданған. 20 сәуір күні болған сот отырысында прокурор Ермеков айыптау қорытындысын оқып, күдікті деп танылған Жарқын Тілешовтің кінәсі анықталды. Ана өліміне қатысты деген дәрігер үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал іске қатыстылар марқұмның жары Ғалымжан Сағынғалиға 10 млн моральдық, 5 млн материалдық шығынды өтеуге тиіс. Прокурор анестезиологтың медицина саласында жұмыс істеуіне тыйым салуды сұрап отыр. Бірақ, қылмысқа қатысты адамға тағайындалатын шектеу уақыты екі жыл ғана.

 

Медициналық сараптама қорытындысы  

Сот материалдарында жазылғандай, Орал қаласының тұрғыны Бибінұр Нығметова жүктіліктің соңғы кезеңінде жағдайы нашарлап ауруханаға түскен. Дәрігерлердің кесарь тілігін жасаймыз деген шешіміне Бибінұр келісім бермеген. Ақырында аяғы ауыр келіншек операция үстелінде қаза тапты. Кесарь тілігіне жүгінген дәрігерлер құрсағындағы баланы да сақтап қала алған жоқ.  

Қорғаушы  Назгүл Кенжебаева дәрігерлер бастапқы кезде-ақ әйелге дұрыс диагноз қоймағанын айтады. Марқұмның туыстары 2018 жылдан бері аталған істің шешімін күтіп жүр. 

«Нығметованың медициналық картасындағы деректерге сәйкес, ақпан айының үшінен тоғызына дейін ол аудандық ауруханада стационарлық ем қабылдаған. Оның  артериалды қан қысымы көтерілген, анемиясы болған. 19 сәуір күні ол дәрігердің қабылдауына барады. Сол кезде де оның артериалды қан қысымы жоғарылаған. Әйелді сол кезде үйіне емес, облыстық перинаталдық орталыққа жіберулері керек еді. Дәрігерлердің селқостығы осы тұстан басталады», - дейді адвокат.

Күдікті деп саналған  анестезиолог Жарқын Тілешов сот отырысында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Ол Бибінұр Нығметоваға дер кезінде жәрдем жасалғанын, мүмкіндігінше өмірін сақтап қалуға әрекет еткенін  айтты. 
"Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. 15 минуттан кейін біз операция бөлмесіне кірдік, бірден санавиация шақырттық. Әйелді кабинеттен кабинетке УДЗ түсіру үшін тасыған жоқпыз. Процедура перзентханада жасалды, одан кейін бірден операция бөлмесіне жөнелтілді. Өлімнен кейін, арнайы комиссия әйелдің отбасына барып, кешірім сұрады. Өзім де Нығметованың жолдасынан кешірім сұрадым, қазір де сұраймын", - дейді Жарқын Тілешов.  

Бибінұр Нығметованың күйеуі  Ғалымжан Сағынғали анестезиологтың мәлімдемесімен келіспейді. Өлімге қатыстыларды әшкерелеу үшін сарсаңға салындым деп күйініп отыр ол. Сөзіне сенсек, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырмақ болғандар істі осы уақытқа дейін созып келген.  «Орал қаласы Жаңақала аудандық Ішкі істер бөлімі төрт жыл бойы бұралаңға салып, тергеу нәтиже бермей сабылып келдік. Бірінші рет арыз жазғанда өз-өзіне қол жұмсады деп қасақана істі қысқартып тастады. Әйелімнің өліміне нақты қай дәрігердің салғырттығы себеп болғаны туралы да ешкім жақ ашпады.Бұл тергеудің құпиялығына байланысты айтылмайтын ақпарат деп маңына жолатпады.      
Мен қайта қорғаушы және прокуратурамен қылмысты ашуға тырысып көрдім. Ауданда тергеу жүргізілмегеннен кейін істі Орал қалалық Ішкі істер департаментіне алдырттым. Сонда да бұлар істі бір жарым жыл ұстады. Сараптамаға береді, одан түк шықпады. Содан Орал қаласында тоғыз ай жатқан іс, Астанаға жіберілді. Құжатпен дәрігерлер келіспей, Алматыға жолдадық. Ол жақта үш ай жатты. Істі созудың айласы ғой бұл» дейді шағымданушы. 

Ғалымжан Сағынғали әне-мінемен ұзаққа созылған істі ақырына дейін жеткізгенше тынбайтынын айтып отыр. Талай есікті тоздырғанының арқасында сараптама нәтижесі де белгілі болыпты.  «Әйелімнің дәрігерлердің қателігінен өлгені республикалық сараптама бойынша дәлелденіп отыр. Астана қаласындағы №60 сараптама орталығы да кінәлілерді растады. 7 дәрігер де бұл жағдайға қатысқаны рас. Соның ішінде Тілешовтің тікелей өлімгі қатыстылығы анықталды», деп мәлімдейді  арызданушы.

Марқұмның жары сәбидің шетінеген уақытын да біле алмапты. Операцияға келісім қағазына Нығметова өзі қол қоймаған дейді ол. Айтуынша, дәрігерлер былығын жасыру үшін әйелінің атынан қол қойып, құжат жасаған.
Бұл сұраққа қатысты анестезиолог қатысым жоқ деп отыр. Оған мен жауап бермеймін, ал құжаттарды уақытында толтырдық деп мәлімдейді күдікті.        

«Өлген адамның қолымен жалған құжат жасағандары туралы дәлелдемелер қазір қолымда. Сот қазір тек бір дәрігерді ғана жазаға тартқалы отыр. Ал қалған алтауына іс қозғалмады,  бостандықта жүр. Тікелей өлімге қатысты болмағанымен, олар да операцияда қателік жіберген. Барлығының да қылмыстары сараптама жүзінде дәлелденіп тұр. Жалған құжат жасағаны үшін анестезиологқа екі жыл ғана беріп отыр. Негізгі басты қателікке себепкерлер анестезиолог пен гинеколог. Бас дәрігердің орынбасары мен гинеколог басқа жаққа көшіп кетіпті. Ішкі істер органдарының салғырттығынан даулы іске сағызша созылды», дейді Ғ.Сағынғали.  

Аналары қайтыс болғанда, үйдің кенжесі небәрі төрт жаста болыпты. Төрт баламен жалғыз қалған Ғалымжан Сағынғали әйелінің өліміне кінәлілер қатаң жазалғанын күтіп жүр. 
Сот Жаңақала ауданында онлайн режимінде өтіп жатыр. Прокуратура ертең күдікті дәрігерге қатысты үкім шығарады.      


 

Байланысты жаналықтар

«Техника жеткіліксіз, маман жоқ». СҚО-да орман заңын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

10.10.2024

Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

10.10.2024

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

08.10.2024

Кісі қолынан өлген Сайлыбаеваның енесі қайда жүргені анықталды

07.10.2024

34 млн теңге жымқырған есепшілер анықталды

07.10.2024

Референдум-2024: Бас прокуратура дауыс берудің құқық аясында өтіп жатқанын мәлімдеді

06.10.2024
MalimBlocks
«Техника жеткіліксіз, маман жоқ». СҚО-да орман заңын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

Облыстағы орман мекемелерінің ешбірінде өртті ерте анықтау жүйесі жоқ

Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа шықпақ болды

921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

2019-2021 жылдары «Выбор» кинофильміне 500 млн теңге бөлінген

Кісі қолынан өлген Сайлыбаеваның енесі қайда жүргені анықталды

Күйеуі мен баласының қайда жүргенін анықтау тергеу амалдарында қарастырылмаған

34 млн теңге жымқырған есепшілер анықталды

Олар өздерінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған

Референдум-2024: Бас прокуратура дауыс берудің құқық аясында өтіп жатқанын мәлімдеді

Тәртіп сақтауға 33 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылған