Ақпараттық доктрина және заманға сай медиа қалыптастыру

  • 20.03.2023

 

Халықаралық саясаттағы ең басты мәселелердің бірі – ақпараттық қауіпсіздік. Қазіргі IT-технология жоғарғы қысыммен дамыған уақытта бұл мәселе бүкіл дүние елдерін жиі-жиі ойлануға мәжбүрлеп отыр. ХХІ ғасырды – ақпарат ғасыры деп жүргендер де бар. Демек, ішкі-сыртқы саясатта мемлекеттің ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік саясаты ең басты назар аударатын мәселе болатыны түсінікті. Бұл ең алдымен мемлекеттің ішкі тыныштығы және халықаралық имиджіне әсер ететін нәрсе. Сол себепті, қай тарапта болса да ақпарат алаңына ерекше назар аудармай болмайды.

Қазақстан Республикасының Ата заңында – еліміздің демократиялық, зайырлы ел екені көрсетілген. Демек, біздің елде цензураға орын жоқ. Сөз бостандығы, журналистердің ақпарат алу құқығы сақталуға тиіс. Әсіресе соңғы жылдары қабылданып жатқан заңдар Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге бағытталып жатыр деуге болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынып, іске асып келе жатқан «Масс-медиа туралы» заңның да көздегені осы. Онда журналистерге ерекше мәртебе беруден бастап, олардың алдындағы мемлекетттік органдардың жауапкершілігіне дейін, қала берді журналистердің ақпарат таратудағы жауапкершілігінен оқырман мен көрермен, яғни, халықтың кез келген ақпаратқа кез келген уақытта жылдам әрі нақты қол жеткізуіне дейін қарастырылды деуге болады.

Қазіргі уақытта әлемнің бәрі Ресей мен Украина арасындағы соғысқа көз тігіп отыр. Осындай қысылтаяң кезде Қазақстанның ұстанымы қандай болатыны да бәрін қызықтырады. Дегенмен, сын сағатта арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей, қос тарапты да ренжітпей шығу – географиялық маңызды әрі күрделі аймақта орналасқан Қазақстанның басты мақсаты. Дәл осындай кезеңде ақпараттық саланы реформалаудың маңызы арта түсті.

Бұрын қолға алынған, енді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы туралы жарлық шығарып, қол қойды. Оның ең басты мақсаты да сол – еліміздің ақпараттық кеңістігін қорғау. Ақпараттық кеңістігің ашық-шашық жатса, сырттағы ерінбеген екінің бірі ішкі тұтастығың мен елің, азаматтарың қасиет тұтатын құндылықтарыңды аяқ асты етіп жатса бұл халықаралық құқық үшін де, ішкі қауіпсіздік мәселесі үшін де шетін жағдай. Демек, қай ел болса да ақпаратты отандық БАҚ-тан алуы тиіс. Бұл жерде доктринаның екінші мақсаты – отандық медиа саласын қолдау қажеттілігі пайда болады. Және... Қазақстандықтардың жалған ақпаратқа сенбеуі маңызды. Себебі, бүкіл жүние жүзінің ақпарат құралдары Қазақстан үшін ашық, олар жаңсақ ақпарат таратуы мүмкін. Ал, Қазақстан азаматтары оны оқиды және ондайда екі дай күйде қалмауы керек. Сол себепті, олардың ең алдымен сенетіні отандық БАҚ болуға тиісті. Демек, доктринаның үшінші негізгі мақсаты – ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Азаматтық қоғамдағы бірлік пен ынтымақ және бірегейлік, осы уақыт туғызған сын-қатерлерге төтеп беретін ақпараттық иммунитет қалыптастырудағы ролі де зор болмақ бұл құжаттың.

Аталмыш ақпараттық доктрина төрт бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде айтылғандай доктрина арқылы «Ашық ақпараттық кеңістікті, сұранысқа ие және мықты медианы қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алу және тарату құқығын қамтамасыз етуге байланысты міндеттер кешені шешіледі». Екінші бөлім « Ағымдағы жағдайды талдау» деп аталады. Онда Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта бірнеше даму кезеңдерінен өткенін айтылған. 1990-2000 жылдардағы кезең; одан бері 2000-2010 жылдардағы ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер және одан бергі уақыттағы кезең. Бұл жердегі негізгі айтылатын мәселе – Қазақстанның әу баста телеарналар мен газет-журналдар, түрлі басылымдар арқылы ақпарат алып отырса, жаңа ғасыр басынан бастап сайттар іске қосыла бастады. Әрине, интернет ақпараттық порталдардың дамуы алғашқы он жылдықтың соңына тура келеді. Ал, одан бергі он жылдықта әлеуметтік желі арқылы ақпарат тарату басымдыққа ие болды. Журналистпен қатар блогер ұғымы пайда болып, кеңінен тарады.

Бірақ, бұл дәстүрлі БАҚ-тың ролі жойылып кетті дегенді білдірмейді. Доктринада соңғы мәліметтер бойынша қазақстандықтардың 9 пайызы әлі күнге басылымдар арқылы ақпарат алатыны айтылған. Демек, газет тілшілерінің жұмысына да ерекше мән беріп, оған қолдау білдіру маңызды тетіктердің бірі саналады. Телеарналардың жұмысын жандандырып, онда танымдық, сараптамалық, зерттеу журналистикасын дамыту мәселесі кезек күттірмейтін мәселе. Газетке қатысты да осыны айтуға тиіспіз.

Доктринадағы үшінші бөлім «Негізгі ережелер» деп аталады. Бұл бөлімнің өзі бірнеше тармақтан тұрады. Осы тармақта ақпарат беруші мен таратушы арасындағы байланыс және жауапкершілік мәселесіне ерекше мән берілген. Ақпараттық кеңістікті дамыту, ақпараттық саясатты жетілдіру, отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ақпараттық кеңістіктегі құндылықтарды сақтау, т.б. мәселелердің ережелері мен мақсат-міндеттері көрсетілген. Ақпарат таратудағы ең басты ұстанатын қағида – мемлекеттің мүддесі, ұлттық құндылықтар болып қала береді. Нормативтер мен құқықтық база әлі де жетілдіріле түспек.

Қорытынды бөлімде айтылғандай осы құжат негізінде еліміздегі ақпараттық саясат уақыт талабына сай дами отырып, «Қоғамды топтастыруға және азаматтық бірдейлікті нығайтуға ықпал ете отырып, ұзақ мерзімді перспективада ақпараттық саясаттың векторы мен мазмұнын айқындайтын негізгі алынатын құндылықтар осы доктринаның маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Доктрина жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетігін жетілдіруге, ақпараттық процестің барлық қатысушылары арасында тиімді коммуникациялар жүйесін құруға мүмкіндік береді, Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында ақпараттық саланың міндеттерін шешуге ықпал ететін болады».

Иә, ақпараттық кеңістіктегі жүйелі жұмыс – мемлекеттік құрылымның барлық саласына ықпал етеді. Демек, ақпаратың қандай болса, имиджің де сондай деген сөз.

 

Байланысты жаналықтар

Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

09.12.2024

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

02.12.2024

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

02.12.2024

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

30.11.2024

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

27.09.2024
MalimBlocks
Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің мереке күндеріндегі қауіпсіздікке дайындығын тексерді

Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшуде

Еліміздегі жолдардың сапасы сын көтере ме? Мониторинг жүргізілді

Мониторинг қатысушыларының 60% астамы сапасыз жол кесірінен өзі немесе жақындары апатқа түскенін айтқан

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

Оның 18,7 млн-ы интернетке қосылған

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

Халықаралық деңгейде ынтымақтастық нығайып келеді

Алты мемлекеттің арнаулы операциялар күштері әріптестік, практикалық іс-қимылдарды пысықтады