Атырауда қуғынға ұшырағандарды анықтауға 25 млн теңге бөлінді

  • 06.10.2021

Қазақстан билігі Совет кезінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтау бойынша жұмыстарды қолға алды. Мысалы, жақында Атырау облысында әлі күнге дейін ақталмаған репрессия құрбандарының  есімдерін анықтау үшін бюджеттен 25 миллион теңге бөлінді.

Атырауда жобалық кеңсе ашылмақ. Оның қызметкерлері бұрын тыйым салынған немесе әлі күнге дейін белгісіз, ұмытылған деректерді, фактілерді жинаумен, қуғын-сүргіннің түрлері мен тетіктерін белгілеумен, сондай-ақ әлі күнге дейін ақталмаған репрессия құрбандарының санын, есімдерін анықтаумен айналысады.

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың жаппай жерленген орындары айқындалып,  картасы жасалады.

Сонымен қоса, кеңсе қызметкерлері Атырау өңірінде Кеңес билігін күштеп орнатуға; таптық, діни, әлеуметтік белгілері бойынша қудалауға; мешіттер мен шіркеулерді жоюға; большевиктер диктатурасына қарсы өткен саяси халық наразылықтарының санын анықтау керек.

Ал Қарағанды облысында Советтік қуғынға ұшырағандарды ақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға 4,4 миллион теңге, Қостанай облысында – 4,9 миллион, Нұр-Сұлтанда – 8,9 миллион теңге бөлінді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеуінде Мемлекеттік комиссия «солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс» деген болатын.

Аделаида Ауеспекова

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

05.04.2025

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

Қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты