Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тарихи хроника

Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің айғағы.

Malim Админ

  • 04.06.2024

Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні 2007 жылдан бері тойланып келеді.

Конституциялық заңмен бекітілген мемлекеттік рәміздер еліміздің айрықша белгілері болып табылады.

Тәуелсіздігін енді алған жаңа қазақ мемлекеттілігінің маңызды көрінісі ҚР мемлекеттік рәміздері болды.

Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен азаттығының, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік идеясын, топтасу мен ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылуды білдіреді. Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің мақсаты, бір жағынан ел идеясының негізгі басымдықтарын қалыптастыру: тұтастық, егемендік, ел азаматтарының бірлігі, ал екінші жағынан ел азаматтарының бейбіт тату көршілікті жақтаушы ретіндегі бейнесін халықаралық деңгейде қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер қазақ философиясының негізгі белгілерін – ұрпақтардың тарихи сабақтастығын сақтауға көмектескен іргелі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды көркем бейнелейді. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мемлекеттілік идеологиясының сыртқы нысандары. Рәміздеріміз бір-бірімен тығыз байланысты. Бірін-бірі толықтыра отырып, олар Қазақстан Республикасы азаматтары және халықаралық қоғамдастықпен еліміздің мызғымастығының негізі ретінде қабылданады. 1992 жылы 4 маусымда Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.

1992 жылы 6 маусымда Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратында республиканың мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты шара өтті. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ғимаратының үстіне Мемлекеттік Ту көтеріліп, Елтаңба орнатылды.

1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.  Кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң күші бар арнайы Жарлығында мемлекеттік рәміздер туралы ережелер жүйеленді. Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаның эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады. Олар Алматыдан жаңа елорда Астанаға құрметті қарауылдың сүйемелдеуімен арнайы көлікпен жеткізілді.

Ту

Сол жағында алтын ұлттық ою-өрнек, ортасында алтын күн мен қалықтаған қыран сұлбасы бейнеленген көк ту бүгінде республикадағы барлық әкімшілік ғимараттарды безендіріп, егеменді Қазақстанның шет елдердегі елшіліктері ғимараттарының үстіне желбіреп тұр. Оған қоса БҰҰ ғимаратының жанына орнатылған. Қазіргі уақытта оны әркім республиканың еркіндігі, тәуелсіздігінің және егемендігінің символы ретінде қабылдайды. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба

Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы – атақты екі сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың орасан еңбегі мен үлкен шығармашылығының жемісі.

Елтаңбада «шаңырақ», пырақ, уық күн сәулесі бейнеленген.  Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде көне түркілердің киелі белгісі бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Оның түсіне келсек, негізінен екі түс пайдаланылған: алтын және көк. Алтын қазақстандықтардың жарқын болашағына сәйкес келеді. Екіншісі әлем халықтарына ортақ көк аспанды, сондай-ақ Қазақстанның әлемнің барлық халықтарымен бейбітшілікке, келісімге, достық пен бірлікке ұмтылуын бейнелейді.

Әнұран

Қоғамдық санада орын алған өзгерістер жаңа мазмұн мен елдің музыкалық-поэтикалық символын қажет етті. Әнұран – мемлекеттің ресми рәмізі, Елтаңба мен Тудың музыкалық баламасы. Әнұран мәтінін Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева бірлесіп жазған. Бұл мәтін Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің музыкасына жазылған (композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди).

Әнұран – республика егемендігі мен Қазақстан халқы бірлігінің мемлекеттік рәмізі. Әнұранның эмоционалды өзегі – адамдарды Отанға деген сүйіспеншілік пен Отанға деген адалдықта біріктіретін жалынды шабыт пен шаттық.

Дегенмен, уақыт өте келе патриоттық сезімді білдіретін «Менің Қазақстаным» әні онымен қатар шырқала бастады. 1950 жылдары Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов жазған ән Қазақстан жұртшылығын елең еткізіп, еліміздің бейресми әнұранына айналды.

2006 жылдың 10 қаңтары Қазақстан тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде енді. Жаңа ресми музыкалық-поэтикалық рәміз алғаш рет 11 қаңтарда Астанадағы Президент сарайы Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін орындалды. Сол жерде 70 елден келген қонақтар мемлекеттік әнұранның тұсаукесеріне куә болды.

Олардың арасында президенттер мен премьер-министрлер, министрлер мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері болды. Ресми рәсімдерде әнұран ойналғанда, жиналған қауым орнынан тұрып, оң қолының алақанын кеудесінің сол жағына қояды.

Еске салайық, 2022 жылдың маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану туралы заңнаманы қатайтып, жастармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабына «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» деген өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл үш мың АЕК-ке дейін көтерілді. Сондай-ақ бұзақы 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін.

Ерасыл Саламатұлы

Коллаж: ortcom.kz 

Байланысты жаналықтар

Талғарда бірнеше Елтаңба қоқыс арасында шашылып жатыр

02.11.2024

Қырғызстанда әнұран өзгеруі мүмкін

25.10.2024

Шымкенттің ең биік нүктесінде алып ту желбіреді

25.10.2024

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2024

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

19.10.2024

«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

28.08.2024
MalimBlocks
Талғарда бірнеше Елтаңба қоқыс арасында шашылып жатыр

Видео әлеуметтік желіде жарияланды

Қырғызстанда әнұран өзгеруі мүмкін

Шымкенттің ең биік нүктесінде алып ту желбіреді

Жаңа флагштоктың биіктігі Ордабасы алаңындағы 50 метрлік флагштоктан едәуір асып түседі

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

Ардагерлер ел байрағындағы жарқыраған күн мен қалықтаған қанатты бейнеледі