Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Арман Қайыпхан

  • 27.03.2025

Әлеуметтік желіде Қазақстан туына ұқсас, бірақ Сауд Арабиясының элементтері қосылған жалауды ұстап тұрған адамдардың суреті тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, сурет Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілген болуы мүмкін. Облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде таралған жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Таралған жазбадағы 4 күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды, - делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ фотодаға адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлау қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Қылмыстық кодекстің 372-бабына сәйкес, мұндай әрекет үшін 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сол көлемде түзету жұмыстары, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - делінген хабарламада.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды