Сарапшы: Заманауи АЭС-ті тура келіп соғылған ұшақ та бұза алмайды

Malim Админ

  • 25.03.2022

Осы күнгі атом энергетикасының артықшылықтары әр ел үкіметіне мен сарапшылар қауымы үшін белгілі нәрсе. Бірақ, халық күн сайын дерлік радиационалды технологияны қолданып жүрсе де, жаңа АЭС салу туралы сөз болғанда, радиофобияға беріліп кетеді. Қазіргі уақытта заманауи станциялар табиғи апаттарға да, қолдан жасалған қауіп-қатерлерге де төтеп бере алады.

Қазақстанда радиофобия ең алдымен КСРО-ның ядролық мұрасымен, оның ішінде Семей полигонына байланысты пайда болған деуге болады. Одан кейін Чернобыль (1986) мен Фукусимадағы (2011) АЭС-тердің апатқа ұшырауы үрейді асқындыра түсті. Осының да әсері болар, қазір қазақстандықтар тексерілмеген алып-қашпа ақпараттардың өзінен қорқады. Мәселен, 5G телефон мұнарасы немесе медициналық рентген аппараттарыны өмірге қауіп төндіретін радиация таратады деген әңгіме. Сөйте тұра, біз радиациялық технологиялармен күн сайын ұшырасатынымызды байқамаймыз. Қазақстанда медициналық құралдарды стерильдеу үшін де, ауылшаруашылық өнімдерін даярлау үшін де радиациялық технолгиялар қолданылады ғой. Тіпті, 2023 жылдан бастап азық-түлік өнімдерін ион сәулесі арқылы өңделмек (өнімнің сақталу мерзімін ұлғайту және қауіпсіздігін арттыру).

АЭС салу туралы мәселе қазақстандықтар тарапынан өте ауыр қабылданады. Негізінен, ең басты қауіп – АЭС тұтынатын жанар-жағар май қауіпті жарылыс болған жағдайда айналаға тарала ма деген қауіптің төңірегінде. Бірақ, мұндай жағдайдың болуы мүмкін бе деген мәселе талқыланғанда заманауи қауіпсіздік саласының жетістіктері ескерілмейді. Қазір атом қуаты халықаралық қауіпсіздік агенттігінің тұжырымдамасына сәйкес, бұл тараптағы қауіпсіздік пен тұрақтылық әлдеқайда күшейтілді. Еске салайық, 2011 жылы 11 наурызда Азия континентінде жер сілкінісі болып, цунами туғызған. Ол «Фукусима-дайити» атом электр станциясын қозғап кетті. Нәтижесінде, радионуклид төгілген, бірақ, ғалымдар мұның денсаулыққа қатысты радиациялық әсері болмағанын анықтады.

Қазіргі уақытта компаниялар Фукусима станциясында қолданылып келген реакторды (BWR-ІІ) падаланбайды. Қазір әлемде реактордың IV буыны жасақталып жатыр, III+ буыны сәтті пайдаланылып жүр. Оны жасау кезінде бұрын орын алған жағдайлар мен болуы мүмкін қауіп-қатер ескерілген. Қазір активті және пассивті қауіпсіздік жүйесі бар, кез келген апатты жағдайда реакторды қауіпсіз күйге ауыстырып, автоматты түрде ядролық қозғалысты тоқтатады. Заманауи АЭС-тер шахтаның қирауына, реактор корпусы бұзылған жағдайдың өзінде ядролық жағар майды топыраққа сіңуіне жол бермейтін технологияларға негізделіп жасалады.

2021 жылдың соңындағы мәліметтерге сүйенсек, осы күнге дейін 32 мемлекетте 442 атом энергетикалық блок пайдаланылыпты. Атом генерациясы көлемі бойынша АҚШ, Франция және Ресей сияқты АЭС технологиясы бар елдер көш басында тұр. Бүкіләлемдік ядро ассоциациясының мәліметі бойынша, әлемде бәрін қосқанда 57,4 ГВт қуаты бар 56 жаңа реактор салынып жатыр. Бұл салаға жаңадан қосылып жатқандар арасында Түркия, Беларусь, Бангладеш, Египет және БАӘ бар.    

«Семей сынақ полигонына келсек, онда ядролық қару қолданылған, ал оның бейбіт атоммен қатыстылығы өте төмен. Заманауи атом реакторлары Чернобыль мен Фукусимадағыдан әлдеқайда қауіпсіз. Қазіргі уақытта АЭС-тердің тең жартысына қауіпсіздік жүйесі мен физикалық шектеу енгізілген. Ал, ол өз кезегінде, апат орын алды деген күннің өзінде, радиоактивті заттардың атмосфераға таралуын тежейді», - дейді ҚР Ұлттық ядролық орталығы директоры Ерлан Батырбеков.

АЭС жобалаушылары апаттық жағдайларға арналған қауіпсіздік алгоримдерінен бөлек, болуы мүмкін үлкен апаттарды да есептейді. Жоғарыда айтылғандай, жобалық апаттар кезінде қауіпсіздікті қаптамасыз ету жүйесі арқылы қауіпсіздікке нақты деңгейде кепілдік берілген.

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, заманауи станциялардың ІІІ және ІІІ+ буынының мүмкіндігін ескерсек, 10 млн жыл ішінде бір ғана апат болуы мүмкін. Ол, сондай-ақ, апатты жағдайдың кез келген кәсіпорын мен электр станцияларында да болуы мүмкін ғой дейді.

«Мысал үшін айтар болсақ, атом станциясының қауіпсіздік деңгейі авиациялық тасымалдаудан әлдеқайда жоғары. Сіз атом станциясындағы апаттан гөрі, жол-көлік оқиғасына бірнеше есе көп түсуіңіз мүмкін. Қазіргі салынып жатқан реакторлардың 90 пайызы сумен салқындату жүйесі бар ІІІ және ІІІ+ буынға жатады», - дейді сарапшы.

Ерлан Батырбеков те заманауи реакторлардың ең ауыр деген сыртқы факторларға төтеп бере алатынын айтады. Оның сөзіне сүйенсек, ІІІ және ІІІ+ буынға жататын реакторларда апат орын алды деген күннің өзінде радиоактивті заттардың атом станцияның аумағынан шығып кетпеуін болдырмайтын көптеген шектеулер қойылған. Сондай-ақ, апатты жағдайда жұмыс істеу алгоритмдері қалыптасқан. Тағы бір айта кетерлігі, реактордың сыртын қоршап тұрған контайнмент аталатын қорғаныс қабаты бар. Оны тіпті тура келіп соғылған ұшақ та бұза алмайды дейді сарапшы.

Байланысты жаналықтар

Нациестроительство по-токаевски: услышат ли голоса граждан?

08.06.2023

БҚО-да 20 метр жолға 20 млн теңге қаржы жұмсамақ

07.06.2023

«Мұхамедиұлы жала жапты». Антикор қамаудағы музей директорының сырын ашты

06.06.2023

Потомки жертв Ашаршылыка страдают до сих пор – родолог Алия Сагимбаева

31.05.2023

Растет тревога. Казахстанцы изменили мнение о войне в Украине

17.05.2023

Ойын бизнесін реттеу: Қазақстанда көзқарасты өзгертетін уақыт келді

21.04.2023
MalimBlocks
Нациестроительство по-токаевски: услышат ли голоса граждан?

На XXXII сессии Ассамблеи народа Казахстана президент поручил своей администрации до конца года подготовить доклад с анализом текущего состояния нациестроительства. О проблемах формирования гражданской нации мы поговорили с филологом, автором книги «Деколонизация Казахстана» Айнаш Мустояповой.

БҚО-да 20 метр жолға 20 млн теңге қаржы жұмсамақ

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай мен Мырзақара арасындағы грейдер жолдың 10-15 метр жерін көктемде су шайып кеткен.

«Мұхамедиұлы жала жапты». Антикор қамаудағы музей директорының сырын ашты

Ұлттық музейдің ақшасын жымқырды деген айыппен қамауға алынған Арыстанбек Мұхамедиұлының таяуда сотта айтқан сөзінен кейін Антикор қызметі мәлімдеме жасады.

Потомки жертв Ашаршылыка страдают до сих пор – родолог Алия Сагимбаева

Страх - одна из самых базовых эмоций и чувств человека, играет важную роль в жизни каждого человека: и позитивную, и негативную. Как утверждают специалисты, человек обрабатывает всю поступающую информацию в первую очередь сквозь призму страха, особенно жители постсоветского пространства, и на это есть причины, рассуждает родолог, тектанушы Алия Сагимбаева.

Растет тревога. Казахстанцы изменили мнение о войне в Украине

В начале мая этого года Бюро экспресс-мониторинга общественного мнения DEMOSCOPE совместно с исследовательским центром PaperLab провели очередной опрос граждан на тему «Отношение казахстанцев к войне в Украине».

Ойын бизнесін реттеу: Қазақстанда көзқарасты өзгертетін уақыт келді

Посткеңестік және Еуропа мемлекеттерінде ойын бизнесі заңмен қалай реттелген? Еуропа елдері букмекерлер жұмысына қалай қарайды? Бұл салада қандай заңдарды қабылдаған? Елордада өткен ойын бизнесін реттеу жөніндегі халықаралық конференцияда осы мәселелер талқыға салынды.