Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

Malim Админ

  • 02.12.2024

Қазірге дейін

1) Асад әскері Халебтің (Алеппо) басым бөлігінен айырылды (толықтай десе де болады). Бұл 2,5 млн халық тұратын үлкен қала. Стратегиялық маңызды қала. Сәйкесінше Халеб маңайындағы елдімекендер де оппозициялық күштерге жығылды.

2) Идлиб қаласы да оппозициялық күштердің бақылауына өтті. Бұнда шамамен 170 мыңға жуық адам тұрған.

3) Асадқа қарсы күштер Хама қаласына кіргені туралы ақпарат шықты. Хама дегеніңіз 690 мыңнан асатын адамы бар қала. Әрі қарай Хомс қақпасы. Ал Хомста 700 мың жан бар.

Ескерту: Сирияда соғыс жағдайына байланысты халық саны 2009-2010-2011 жылдарғы есеп бойынша айтылуда. Онан бері санақ жүргізер жағдай жоқ, Сирияда.

Фото: Владимир Гердо / ТАСС

Асад не істемек? 

Асад әуелі Мәскеуге тартты. Көмек сұрады. Алайда Мәскеу “көмектесеміз” деп арқасынан қағып, шығарып салды. Осыдан соң Ресей ұшақтары Сирияда бірлі-жарым маневр жасады да, шектелді. Халебті Ресей ұшақтары бомбалады (2016 жылдан бері алғаш рет). Алда қосымша күш жіберсе, көре жатармыз.

Мәскеудің уәдесіне құлағы толған Асад жан ұшырып, Ираннан көмек сұрады. Иран да “көмектесуге” уәде берді. Иран Дамашыққа 500 сарбаз аттандырғаны, алда тағы 1500 сарбаз жөнелтетіні айтылды. Оған қоса Тегеран 100-120 шақырымға соққы жасайтын зымырандар бермек.

Иранның бұлай қимылдауына бір себеп: Осы соғыста Ирандағы ИРСК генералы, ИРСК-нің Сириядағы әскерінің басшысы қаза тапты. Оны Тегеран ресми растады.

АҚШ пен Израиль кеңес жүргізіп жатыр. Олар Асад режимінің құлайтынына сенімді. Сол бойынша жоспарды пысықтауда.

Атыстар мен ұрыс қимылдары Дамашыққа да жетті! Мемтелерадио хабар таратуды тоқтатқан. 

Фото: report.az

Тақырыпқа тұздық: Ресей Қорғаныс министрлігі Сириядағы Ресей әскерінің қолбасшысын қызметінен алды. Бұл қызметті генерал-лейтенант Сергей Кисель атқарып келген (2024 жылдың мамырынан бері).
Бұл Кисель біздің Қызылорданың тумасы екен…

Кисель 2017 жылы Сирия соғысына қатысқан. Асадқа билігін нығайтуға үлес қосып, ондағы Ресейдің әскери топтарын басқарған.

Ал 2018 жылы Ресейдің 1-ші гвардиялық танк армиясын басқарған. 
2022 жылы Харьковті алуда қауқарсыздық танытқаны үшін бұл қызметінен алыныпты. Содан Сирияға жіберілген. Мұнда да жарытпапты…

Автор: Нұргелді Әбдіғани, журналист, әскери сарапшы

Фото: BBC

 

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді