freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Баянсұлу мен композитор арасындағы дауға нүкте қойылды

Шоу-бизнес
Әнші Баянсұлу мен композитор арасындағы дауға нүкте қойылды
Фото: instagram.com/bayansuuluu

Әнші Баянсұлу Сағындықова мен оның хит әндерінің авторы, композитор Қуат Әбілов арасындағы дауға нүкте қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жуырда композитор Қуат Әбілов әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбегенін мәлімдеген болатын. Осыдан кейін жұртшылық арасында қызу талқылау туындаған еді.

Алайда екі тарап таудың бейбіт жолмен шешілгенін ашық айтты.

Композитор Қуат Әбілов бұл мәселеге қатысты:

«Баянсұлу қарындасымызбен туындаған мәселеге байланысты даудың нүктесін қойдық. Барлығы орнында. Өзара келісімге келдік. Бір-бірімізге өкпе-ренішіміз жоқ», – деді.

Өз кезегінде Баянсұлу Сағындықова да бұған дейін дау тудырған әндердің енді өзіне тиесілі екенін мәлімдеді.

Әншінің сөзінше, мәселе аға буын өкілдерінің араласуымен шешілген.

«Өнердегі ағалардың ақылымен, көмегімен екі жақ келісіп, бұл мәселе шешілді. Әндердің ақысын төлеп, сатып алдым және әндер енді менікі. Біреулер бұл жағдайды «хайп» деп жатса, біреулер қуанып жатыр. Кім не ойласа да, Құдай бәрін көріп тұр, Құдай әділ. Әркімнің өз ойы бар», – деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Қуат Әбілов әлеуметтік желіде үндеу жариялап, Баянсұлу Сағындықова орындап жүрген бірқатар ән үшін өзіне тиесілі қаламақы толық төленбегенін айтқан еді.

Қазір тараптар өзара келісімге келіп, даудың толық шешілгенін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу