Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Саясат
Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Орман және жануарлар дүниесі комитеті «саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына түзету дайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, «саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінен ақбөкендер алынып тасталады.

Құжат 8 мамырға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы ақбөкендер санын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ақбөкендерді ату отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен консультациялар мен талқылаулардан кейін тоқтатылды. Сонымен қатар қыста далада қозғалу қиынға соққандықтан.

Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық, – деді министр.

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5-2,6 млн басты құрайды. Министр келесі жылы аша тұяқты бөкеннің санын реттеу қайта басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Еске салсақ, бұған дейін Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеген болатын.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу