Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында ер адам жалған долларларды банкте айырбастамақ болған

Құқық
Ақмола облысында ер адам жалған долларларды банкте айырбастамақ болған

Ақмола облысы аудандарының біріндегі банк филиалында жас жігіт кәдесый қаражатын айырбастауға тырысқан. Банк қызметкерлері қырағылық танытып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына дереу хабар берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс полициясының мәлімдеуінше, тексеріс барысында 21 жастағы ер адамның жалпы құны 1 мың доллар құрайтын 10 купюраны айырбастауға тырысқаны анықталған.

Осы дерек бойынша мән-жайларды нақтылау үшін ұсынылған банкноттардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтайтын сараптама тағайындалған.

Қылмыстық кодексте жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны үшін жаза белгіленген 231-бап бар. Осылайша, жалған банкноттарды немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе ауыстыру 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Егер қылмысты адамдар тобы ірі мөлшерде немесе бірнеше рет жасаса, мүлкі тәркіленіп, жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ұлғаяды. Қылмыстық топтар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу