АҚШ-тың Солтүстік америкалық аэроғарыштық қорғаныс қолбасшылығы (NORAD) 2025 жылғы 24 қыркүйекте Аляска әуе қорғаныс аймағында екі Ту-95 және екі Су-35 ұшағын анықтап, бақылағанын хабарлады, деп жазады Malim.kz.
Бұл туралы NORAD баспасөз қызметі 25 қыркүйек, бейсенбі күні мәлім етті.
Хабарламада айтылғандай, ұшақтарды растау және оларды тосқауылдау үшін E-3, төрт F-16 және төрт KC-135 жанармай құю ұшағы әуеге көтерілген.
Ресей әскери ұшақтары халықаралық әуе кеңістігінде болған және АҚШ немесе Канада егеменді әуе аймағын бұзбаған.
Аляска аймағындағы ресейлік ӘҚК-нің мұндай белсенділігі тұрақты түрде орын алып тұрады және қауіп ретінде қарастырылмайды», – делінген хабарламада.
Аляска аймағы – бұл АҚШ егеменді әуе кеңістігі аяқталатын жерден басталатын халықаралық әуе кеңістігінің бөлігі. Онда ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін барлық әуе нысандарын жедел сәйкестендіру қажет.
NORAD көпдеңгейлі қорғаныс жүйесін қолданады. Оның құрамына спутниктер, жерүсті және әуе радиолокациялық жүйелері, сондай-ақ ұшақтарды анықтау мен бақылау және қажетті шаралар туралы хабарлау үшін жойғыштар кіреді.
«NORAD Солтүстік Американы қорғау үшін түрлі әрекет ету нұсқаларын қолдануға әрдайым дайын», – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Фото:depositphotos.com / Фото автора tomasfoto