freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ грин-карта рәсімдеу процесіне жаңа талап енгізбек

Қоғам
АҚШ грин-карта рәсімдеу процесіне жаңа талап енгізбек
factcheck.kg

Трамп әкімшілігі АҚШ-та тұрақты тұруға рұқсат алу тәртібіне елеулі өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, енді грин-карта алуға ниетті шетел азаматтары өтінішті АҚШ аумағында емес, өз елінде тапсыруы қажет болуы мүмкін.

Бұл бастама иммиграциялық заңгерлер, құқық қорғау ұйымдары және мигранттар арасында алаңдаушылық туғызды.

АҚШ азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) мәліметінше, елде уақытша жүрген шетел азаматтары – студенттер, еңбек мигранттары мен туристер – грин-карта рәсімдеу үшін АҚШ-тан шығып, өтінішті шетелден беруі тиіс. Тек ерекше жағдайларда ғана мәселе жеке тәртіппен қаралуы мүмкін.

Ведомствоның түсіндіруінше, шетел азаматтары АҚШ-қа белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен келеді, сондықтан олардың уақытша келуі тұрақты тұруға рұқсат алу процесінің бастамасына айналмауы керек.

USCIS-тің бұрынғы кеңесшісі Даг Рэндтің айтуынша, қазір АҚШ-та заңды негізде тұрып жатқан шамамен 600 мың адам жыл сайын грин-картаға өтініш береді. Осыған дейін ондаған жыл бойы АҚШ азаматтарының жұбайлары, жұмыс немесе студенттік визамен жүрген азаматтар, босқындар мен саяси баспана сұрағандар елден шықпай-ақ құжат рәсімдей алатын.

Әзірге жаңа талаптардың нақты қашан күшіне енетіні және оның бұрын тапсырылған өтініштерге әсері қандай болатыны белгісіз. Сонымен қатар USCIS экономикалық немесе ұлттық мүдде тұрғысынан маңызды деп танылған азаматтарға өтініш қаралып жатқан кезде АҚШ-та қалуға мүмкіндік берілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар бұл өзгерістің көптеген отбасыға қиындық әкелуі мүмкін екенін айтады. Олардың пікірінше, кейбір азаматтар қауіпсіздік жағдайына байланысты немесе өз елінде АҚШ дипломатиялық өкілдігі болмағандықтан кері орала алмайды. Бұған қоса, кейбір елдердегі консулдықтарда виза рәсімдеу үшін ұзақ кезек қалыптасқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу